Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Дзюдо: Ерлан Серікжанов Әбу-Дабиде «Grand Slam» турнирінің күміс жүлдегері атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат  -  Ерлан Серікжанов дзюдодан Әбу-Даби қаласында өтіп жатқан «Grand Slam»  турнирінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дзюдо: Ерлан Серікжанов Әбу-Дабиде «Grand Slam» турнирінің күміс жүлдегері атанды

Е.Серікжанов 66 кг салмақта финалда грузин спортшысы Важа Маргвелашвилимен белдесті.

Аса тартысты өткен белдесу тең аяқталғаннан кейін қосымша уақыт берілді. Міне, осы сәтте әдіс қолданған грузиялық дзюдошы жеңіп кетті.

Ерлан Серікжанов бірінші белдесуінде португалиялық Жоао Крисостомоны, екінші айналымда түркменстандық Батыр Гурбаниязовтан басым түсті. Ширек финалда Израиль елінің өкілі Барух Шамиловты жеңді. Жартылай финалда испаниялық Гайтеро Маритин Альбертоны вазари әдісімен ұтты.

Сонымен қатар, осы турнирде тағы бір отандасымыз Ғұсман Қырғызбаев 60 кг салмақта қола жүлдеге ие болды.

Қазақстан дзюдо федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Ғұсман жұбаныш финалында бельгиялық Жорри Верстритенді вазаримен жеңді.

Жартылай финалға дейін қарсылас шақ келтірмеген отандасымыз бірінші белдесуде венгриялық Чабо Цабоны, ширек финалда ресейлік Альберт Огузовты ұтты. Алайда жартылай финалда испаниялық Франциско Гарригостан айласын асыра алмады.

Дәл осы салмақта қола медаль үшін күрескен тағы бір отандасымыз Елдос Сметов өзбек балуаны Шарофуддин Лутфиллаевқа есе жіберіп, жарысты 5-орынмен аяқтады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елдос Сметовтің татамиге қайта оралғанын жазған болатынбыз.