Дзюдо: Еуропа кубогында кімдерге сенім артамыз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дзюдодан Еуропа кубогына қатысатын Қазақстан жастар құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ҚР Дзюдо федерациясы хабарлағандай, 22-23 маусым күндері Мажарстанның Пакс қаласында дзюдодан жастар арасында кезекті Еуропа кубогы өтеді. Оған Қазақстан жастар құрама командасынан 20 (әйелдерден 9, ерлерден 11) дзюдошы қатысады.

Аталған додада қыздар арасында 48 келіге дейінгі салмақта Ғалия Тынбаева мен Ақмарал Науатбек сынға түссе, 52 келіге дейінгі салмақта Ақжол Қайыпхан ел намысын қорғамақ. Ал 57 келіге дейінгі салмақта Меруерт Сәрсенова мен Гульназт Нурдиноваға үміт артылып отыр.

63 келіге дейінгі салмақта Зарина Сариповаға сеніп артылса, 70 келіге дейінгі салмақта Мөлдір Нарынова мен Ақерке Кулаш бақ сынайды. 78 келіге дейінгі салмақ санатында Маргарита Гриценко сынға түседі.

Ерлерден 60 келі салмақ дәрежесінде Болатбеков Дамир мен Әбілxайыр Ұлықбек сынға түссе, 66 келі салмақта бір емес үш бірдей балуанымыз сынға түседі. Олар - Нұрзат Салимбаев, Бауыржан Жантуреев және Алшын Айтқан.

Ал 73 келі салмақта Айбар Мұқышев, Бексұлтан Дүйсенов, Бауыржан Қасым және Жанасыл Ануаров бастаған 4 балуанға үміт артылып отыр. 90 келі салмақта Данил Федоров ел намысын қорғаса, 100 келіге дейінгі салмақта Дәурен Жарылғаповқа үміт артамыз.

Соңғы жаңалықтар