Дзюдо: Галбадрах Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг Загребте дзюдодан өтіп жатқан Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың алғашқы күні қазақстандық спортшы 48 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Галбадрах дода барысында Катарина Танзерді (Аустрия), Ио Хионгты (ҚХР) және Ли Янанды (ҚХР) ұтып, финалға шықты.

Соңғы бәсекеде франциялық Мелани Клементпен күресті. Бастапқыда ұпай санымен қарсыласы алға шыққанына қарамастан, қазақстандық дзюдошы таразы басын өзіне аударып, жеңісті жұлып алды.

Тағы бір қазақстандық, жас спортшы Дәурен Сүйеукенов 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде поляк Тома Голомбқа есе жіберіп, бесінші орынға ие болды.

Загребтегі Гран-при турнирі сенбі күні де жалғасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Галбадрах бастаған дзюдошылардың Загребтегі Гран-при турниріне қатысатынын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар