Дзюдо: Қазақстан әлем чемпионатын 9-орында аяқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстандық дзюдошылар Хорватия астанасы Загреб қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатын үш медальмен  аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ҚР Дзюдо федерациясы баспасөз қызметінің берген мәліметіне сүйенсек, Қазақстан жастар құрамасы 3 медальмен 82 ел ішінде тоғызыншы орынға ие болды.

Бұл әлем біріншілігінде медальдар саны бойынша Жапония жастары (8 алтын, 2 күміс, 4 қола) көш бастады. Екінші орынға Әзербайжан дзюдошылары (2 алтын, 2 күміс, 1 қола) жайғасса, Ресей құрамасының жастары (1 алтын, 2 күміс, 2 қола) үздік үшінші орынға ие болды.

Әлем чемпионатының алғашқы күнінде Абиба Әбужақынова (44 кг) күміске қол жеткізсе, Бауыржан Нарбаев (55 кг) қола медальға ие болды. Жарыстың екінші күні 73 келіге дейінгі салмақ дəрежесінде белдескен балуанымыз Дидар Хамза Қазақстан қоржынына екінші қола медаль салды. Осылайша отандастарымыз бір күміс, екі қола медальға қол жеткізді. Ал командалық жарыста Қазақстан құрамасы 5-орынға тұрақтады.
null

null

null
Естеріңізге сала кетсек, Хорватия астанасы Загребте өткен әлем біріншілігіне әлемнің 82 елінен 584 дзюдошы қатысты. Қазақстан намысын 20 жас дзюдошы қорғады.

Соңғы жаңалықтар