Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Дзюдо: Қазақстан құрамасы кезекті «Grand Slam» турниріне қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Ресейдің Екатеринбург қаласында 15-17 наурызда өтетін «Grand Slam» турниріне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дзюдо: Қазақстан құрамасы кезекті «Grand Slam» турниріне қатысады

Қазақстан дзюдо федерациясы хабарлағанындай, айтулы додада 48 елден 403 дзюдошы бақ сынамақшы.

Қазақстан сапында 20 спортшы ел намысын қорғайды.

Атап айтқанда, ерлер:

Елдос Сметов (-60 кг),

Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг),

Елдос Жұмақанов (-66 кг),

Есет Қуанов (-66 кг),

Мадияр Сембаев (-73 кг),

Бекәділ Шаймерденов (-73 кг),

Бекжан Абдуалиев (-81 кг),

Руслан Мұсаев (-81 кг),

Ислам Бозбаев (-90 кг),

Виктор Демьяненко (-100 кг),

Ерасыл Қажыбаев (+100 кг).

Әйелдер:

Ақмарал Науатбек (-48 кг),

Севара Нишанбаева (-57 кг),

Ақниет Тұрдан (-63 кг),

Иоланта Бердібекова (-63 кг),

Зере Бектасқызы (-70 кг),

Мөлдір Нарынова (-70 кг),

Зарина Райфова (-78 кг),

Кәмила Берліқаш (+78 кг),

Гүлжан Исанова (+78 кг)

Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес «Grand Slam» турнирінің жеңімпазы атанған дзюдошыға әлем рейтингінде 1000 ұпай, күміс жүлдегерге - 700, ал үшінші орын иегеріне 500 ұпайдан қосылады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық дзюдошылардың Мароккодағы Гран-при жарысынан кейін әлемдік рейтингте жоғары көтерілгенін жазған болатынбыз.