Дзюдо: Қазақстандық балуандардың қарсыластары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Португалияда дзюдодан жылдың алғашқы ресми жарысы – әлемдік Гран-при турнирінде бақ сынайтын қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластары белгілі болды.

қарсыластар анықталды
Фото: olympic.kz

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, жеребе қорытындысы бойынша отандастарымыздың қарсыластары анықталды.

Атап айтсақ:

60 келі

Дәурен Сүйеукенов - Ямато Фукуда (Жапония)
Ержан Еренғайыпов - Аюб Блинов (Ресей)

66 келі

Нұрсұлтан Зайзағалиев – Роналд Лима (Бразилия)
Жанарыс Рахметқалиев – Ким Чанеонг (Оңтүстік Корея)

73 келі

Жансай Смағұлов – Александру Райку (Румыния)
Дархан Қойбағар – Ербенбайаар Батсая (Моңғолия)

81 келі

Айбол Нысаналы – Ифтач Бадаш (Израиль)
Мәди Амангелді – Ким Сонгмин (Оңтүстік Корея)

90 келі

Құдырет Досымов – Хан Джейоп (Оңтүстік Корея)
Айдар Арапов – Сербия/Тәжікстан балуандарының жеңімпазы

100 келі

Әділет Сапарғалиев – Аарон Фара (Австрия)
Ислам Бозбаев – Рафаель Бузакарини (Бразилия)

+100 келі

Ерасыл Қажыбаев – Литва/Гвинея-Бисау балуандарының жеңімпазы
Әділ Оразбаев – Джелли Снайп (Нидерланд).

Айта кетейік, Халықаралық дзюдо федерациясының мәліметінше, жарысқа 92 елден 632 спортшы (350 ер, 282 әйел) қатысады деп күтіліп отыр. Қазақстаннан аталмыш додада ел намысын 11 спортшы қорғайды.