Дзюдо: Павлодарда халықаралық турнирдің алғашқы жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда дзюдодан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО Спорт шебері Батырбек Сейсенбаевты еске алуға арналған халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дзюдо: Павлодарда халықаралық турнирдің алғашқы жеңімпаздары анықталды

ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, аталмыш турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен татами шеберлерімен бірге Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Қытай мемлекеттерінен 20 команда өзара мықтыны анықтап жатыр.

Жарыстың алғашқы күні ерлер арасында 60, 66 және 73 келі салмақта бақ сынайтын балуандар, ал әйелдер арасында 48, 52 және 57 келі салмақтағы үздіктер анықталды.

Жарыстың бірінші күнінің нәтижесі:

Ерлер:

60 кг

1. Қанат Сейілхан (Атырау облысы)

2. Айбек Имашев (Маңғыстау облысы)

3. Арман Отарбаев (Қарағанды облысы)

3. Георгий Шония (Астана)

66 кг

1. Дамир Бекесов (Алматы облысы)

2. Әбілхайыр Мәуленин (Алматы облысы)

3. Абылайхан Шаратов (Қарағанды облысы)

3. Дастан Шаяхметов (СҚО)

73 кг

1. Нұрлан Оразалин (ШҚО)

2. Мейіржан Қалтаев (ОҚО)

3. Руслан Мұсаев (Маңғыстау облысы)

3. Асқар Нарқұлов (Алматы қаласы)

Қыздар:

-48 кг

1. Абиба Абужақынова (Алматы облысы)

2. Ұлдана Сайыл (ОҚО)

3. Динара Мұсырман (Астана қаласы)

3. Әйгерім Төреғожина (Атырау облысы)

52 кг

1. Динара Бикен (Алматы облысы)

2. Нұрсұлу Ералиева (Алматы облысы)

3. Ақжол Қайыпхан (Атырау облысы)

3. Ирина Кривенько (Павлодар облысы)

57 кг

1. Гаухар Дүкенбай (Жамбыл облысы)

2. Қымбат Бақыт (Қарағанды облысы)

3. Динара Әбділдаева (Алматы қаласы)

3. Ләззат Әлімхан (ОҚО)