Дзюдо: Токиода өтетін Grand Slam жарысына кімдер барады

2-3 желтоқсан күндері Жапония астанасы Токиода өтетін әлемдік Grand Slam жарысына Қазақстаннан баратын дзюдошылардың тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.

Дзюдо
Фото: Халықаралық дзюдо федерациясы

Бұл дода биылғы маусымның соңғы бәсекесі болмақ. Оған 88 елден 527 дзюдошы қатысады деп жоспарланған.

Қазақстан дзюдо федерациясының мәліметінше, аталған жарыста ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімі төмендегідей:

Ерлер:

– 60 келі: Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов

– 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрзат Сәлімбаев

– 73 келі: Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов

– 81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мусаев

– 90 келі: Айдар Арапов, Ермахан Ануарбеков

– 100 келі: Бекарыс Сәдуақас, Нұрлыхан Шархан

– +100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай

Әйелдер:

– 48 келі: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева

– 63 келі: Эсмигүл Куюлова

– 70 келі: Екатерина Токарева

– + 78 келі: Назгүл Маратова, Камила Берліқаш