Дзюдо: Жастарымыз Еуропа кубогында 2 алтын жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан жастар құрамасы Австрияның Лейбниц қаласында өткен дзюдодан Еуропа кубогында 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Халықаралық додаға ел намысын қорғауға 30 дзюдошымыз аттанған болатын. Нәтижесінде 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға ие болып, командалық есепте медаль саны бойынша жарысты ІІІ орынмен аяқтады.
Бұл сында 4 алтын, 1 қола иеленген Жапония жастары көш бастаса, екінші орынға 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медальмен еншілеген Ресей спортылары ие болды.
Алғашқы алтын медальға 60 келі салмақта Нұрсұлтан Серәлі қол жеткізсе, екінші алтынды 66 келі салмақта сынға түскен Сұнғат Жұбатхан қанжығасына байлады. Ал жалғыз күмісті 60 келіде өнер көрсеткен Жасұлан Отарбек жеңіп алса, қос қолаға жастарымыздан 55 келідде сынға түскен Бауыржан Нарбаев пен 73 келіде өнер көрсеткен Барыс Қуан ие болды.