Дзюдодан 2026 жылғы Азия ойындарында ел намысын кімдер қорғайды
АСТАНА. KAZINFORM — Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы 2026 жылы Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.
Байрақты бәсекеде өнер көрсететін қазақстандық дзюдошылардың тізімі төменде көрсетілген.
Ерлер
60 келіге дейін: Елдос Сметов;
66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев;
73 келіге дейін: Бақытжан Әбдірахманов;
81 келіге дейін: Алмат Әділет;
90 келіге дейін: Айдар Арапов;
100 келіге дейін: Марат Байқамұров;
100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев.
Әйелдер
48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова;
52 келіге дейін: Меруерт Сәрсенова;
57 келіге дейін: Дана Әбдірова;
63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова;
70 келіге дейін: Ажар Асхат;
78 келіге дейін: Екатерина Токарева;
78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова.
Айта кетейік, Азия ойындарында дзюдо бәсекелері 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында ұйымдастырылады.
Еске салайық, бұған дейін Астанада тректегі велоспорттан ел чемпионаты басталғанын хабарлаған едік.