Дзюдодан ӘЧ: Қазақстан Австралияны ойсырата жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ерлер құрамасы Астанадағы дзюдодан әлем чемпионатының алғашқы айналымынан өтті, деп хабарлады Vesti.kz.
None
None

Ғабит Есімбетов (66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі), Дастан Ықыбаев (73 келіге дейін), Азиз Қалқаманұлы (81 келіге дейін), Самат Есен (90 келіге дейін) және Ержан Шынкеевтен (90 келіден астам) құралған отандық құрамы 5:0 есебімен Австралияны ойсырата жеңді.

Бұған дейін Қазақстанның әйелдер құрамасы жарыстан шығып қалған еді. Олар Моңғолия өкілдерінен сүрінді.

Еске салайық, Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионаты командалық турнир аяқталған соң тәмамдалады. Жеке жарыста Қазақстан қоржынына Елдос Сметов "алтын" және Рустам Ибраев "күміс" әкелді. Елордадағы турнир олимпиадалық рейтингтің іріктеу кезеңінің бір бөлігі. Негізгі жарысы Рио-де-Жанейрода өтеді.

Соңғы жаңалықтар