Дзюдодан әлем біріншілігі: Ертең ауыр салмақтағы спортшылар татамиге шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 29 тамыз күні, Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлем біріншілігінің алтыншы күнінде ауыр салмақтағы спортшылар татамиге шығады. Атап айтқанда, 100 келіге дейінгі және 100 келіден жоғары салмақтағы ерлер белдеседі. Ал әйелдер арасында 78 келі салмақтан жоғары спортшылар бақ сынасады. Сенбі күнгі белдесулер Астана уақытымен сағат 11:00-де басталады.
None
None

Спорт жанкүйерлері әлем біріншілігін сәтті бастаған Қазақ елінің дзюдошылары әлі де жүлде алып, халқымызды қуантады деген сенімде. Ертең, әсіресе, 2009 жылғы әлем чемпионы Максим Раковтан үлкен үміт күтеміз. Сондай-ақ қазақстандықтар 2009 жылғы Азия чемпионы Гүлжан Иссанова да осы доданың бір жүлдесіне қол жеткізеді деген сенімде.

Ал жексенбі, 30 тамыз, әлемдік доданың соңғы күні «Алау» спорт кешеніндегі үш татамиде командалар арасындағы тартысты бәсекелер өтеді деп жоспарланған. Ол күні күрестер сағат 10:00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар