Дзюдодан әлем чемпионаты: Камила Берліқаш бірінші белдесуінде жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық балуан Камила Берліқаш Әбу-Дабидегі әлем чемпионатын жеңіспен бастады. 

Камила Берліқаш
Фото: Халықаралық дзюдо федерациясы

+78 келі салмақта бозкілемге шыққан отандасымыз саудиялық Тахани Алкантаниден басым түсті. Осылайша ол екінші айналымға жолдама алды. 

Еске салсақ, бұған дейін Жангелдина мен Токарева жарысты аяқтағанын хабарлаған болатынбыз.