Дзюдодан әлем чемпионатына баратын қазақстандық балуандар белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM - Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өтетін дзюдодан әлем чемпионатына баратын қазақстандық балуандар белгілі болды. 

Дзюдодан әлем чемпионатына баратын қазақстандық балуандар белгілі болды
Фото: ҰОК

Дүбірлі дода 13-20 маусым аралығында өткізіледі. Онда 92 елден келген 566 спортшы 14 салмақта жүлдеге таласады.

Ерлер құрамасында Мағжан Шамшадин, Шерзoд Давлатов (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Есет Қуанов (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Мейірлан Максим (90 келі), Нұрлыхан Шархан мен Марат Байкамуров (100 келі), Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) ел намысын қорғайды. 

Ал әйелдер құрамасынан Әбиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева (48 келі), Эсмигүл Куюлова (63 келі) татами төрінде сынға түседі. Сондай-ақ турнир аясында командалық жарыс ұйымдастырылады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Астанада өткен дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қазақстандық балуандар 9 медаль еншіледі.

Халықаралық турнирде ел құрамасынан Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары), Талғат Орынбасар (60 келі) екінші орынға табан тіресе, Мағжан Шамшадин (60 келі), Аман Бақытжан (60 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Есет Қуанов (73 келі), Бақжан Байтас (100 келі), Марат Байқамұров (100 келі) қола жүлдегер атанды.

Соңғы жаңалықтар