Дзюдодан әлем чемпионаты: Бүгін татамиге кімдер шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венгрияның астанасы Будапешт қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күні татамиге екі қазақстандық спортшы шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Олар - 66 келі салмақта ел намысын қорғайтын Елдос Жұмаханов пен Азамат Мұқанов. Екеуі де тәжірибелі дзюдошылар. Жарыс Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады. Ал әйелдер 52 келі салмақта сынға түседі. Бірақ, бүгін белдесетін балуандар қатарында қазақстандық аруларымыз жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, кеше біріншіліктің алғашқы күні 48 келі әйелдер арасында сынға түскен отандасымыз Отгонцэцэг Галбадрах Қазақстанға әйелдер арасынан тұңғыш әлем чемпионатының жүлдесін алып берді. Айта кетерлігі, бұған дейін дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем біріншілігінде бірде-бір медальға қол жеткізе алмаған болатын.
Сондай-ақ, кеше ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев қола жүлде үшін өткізген жұбаныш белдесулерінде қарсыластарына есе жіберіп, жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Соңғы жаңалықтар