Дзюдодан әлем чемпионаты: Жеңімпаздар ұлттық нақыштағы медальмен марапатталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының медалі таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дзюдодан әлем чемпионаты: Жеңімпаздар ұлттық нақыштағы медальмен марапатталады

Бұл туралы бүгін ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Дүниежүзілік біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұлттық нақышта өрнектелген медальдармен марапатталады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алматыда өтетін әлемдік дода 25 қыркүйек күні басталады. 25-29 қыркүйек күндері өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына 64 елден 500-ге жуық жас татами шебері қатысады деп жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін аталған додада ел намысын кімдер қорғайтынын және жарыс кестесін жариялаған болатынбыз.