Дзюдодан әлем чемпионатында әйелдер арасында алғашқы алтын жүлдені аргентиналық спортшы жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер арасындағы бәсекенің алғашқы жеңімпаздары белгілі болды (салмақ дәрежесі - 48 келіге дейін), деп хабарлайды Sports.kz.
Ақтық кезеңде жапониялық Харуно Асамиді тізесін бүктірген Аргентина спортшысы Паула Парето алтын олжалады. Қазақстандық Подрядова үшінші айналымда Украина спортшысы Марина Черняктан жеңіліп қалды.
Дзюдо. Әлем чемпионаты. Астана (Қазақстан),
Әйелдер. 48 келіге дейін
1. Паула Парето (Аргентина)
2. Харуна Асами (Жапония)
3. Ами Кондо (Жапония)
3. Чон Бо Кьон (Оңтүстік Корея).