Дзюдодан әлем чемпионатының бірінші күні қазақстандық әскери қызметшілер 3 медаль иеленді
ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының әскери қызметшілері бір алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарын тізе бүктірген қатардағы жауынгер Елдос Жұмақанов алтын медаль еншіледі. Ал 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мейірлан Баймаханбетов күміс иеленді. Әйелдер арасында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қызметкер Олеся Куценко қола жүлдені жеңіп алды.
АОСК өкілдерінің айтуынша, бүгінгі таңда белгіленген төменгі меже бағындырылып, медальдар жинтығына қол жеткізілді. Бүгін 73, 81 келіге дейінгі салмақ дәрежелеріндегі белдесулер өтуде.
Чемпионатқа 28 елден араларында әлемнің мықты дзюдошылары бар 200-ден астам спортшы қатысуда. Байрақты бәсеке 5 шілдеде аяқталады. Осы күні чемпионат қорытындысы жасалып, жүлдегерлердің есімі жарияланады.