Дзюдодан әлемдік бәсеке тікелей эфирден көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кеше Дохада дзюдодан әлемдік Masters турнирі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дзюдодан әлемдік бәсеке тікелей эфирден көрсетіледі

Аталған байрақты бәсекені «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Жарысты Qazsporttv.kz сайтында 12 қаңтар күні сағат 20-00де және 13-қаңтарда 19-55-те көруге болады.

Қазақстан сапында 60 келіде Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев, ал 66 келге дейінгі салмақта Елдос Жұмақанов пен Ерлан Серікжанов, 73 келіде Жансай Смағұлов, 81 келіде Дидар Хамза, 90 келіде Ислам Бозбаев татамиге шығады.