Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы жартылай финалға өтті

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде командалық бәсекелер өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

дзюдо
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Жартылай финал жолдамасы үшін таласқа түскен Ұлттық құрама жарыс қожайындары – Қытай құрамасын 4:2 есебімен жеңді.

Команда сапында Есет Қуанов, Аида Тойшыбекова, Дана Әбдірова, Ажар Асхат, Айбол Нысанәлі, Ғалымжан Қырықбай өнер көрсетті.

Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Корея – БАӘ жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, дзюдошы Аруна Жангельдина Қытайдағы Азия чемпионатында қола медальға ие болды.