Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы 4 күміс еншіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатының екінші күнінде 4 күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы 4 күміс еншіледі

Аталған құрлықтық біріншілік Ливан астанасы Бейрутта өтіп жатыр. Батыр Аликен (73 кг), Нұржан Бисенов (81 кг), Бақжан Байтас (90 кг) және Диана Тельбаева (-70 кг) күміс жүлдегер атанды.