Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы қос алтын алуды жоспарлап отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 27-28 шілде күндері Тайпейде дзюдодан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясы жылдың ең маңызды додаларының біріне ел құрамасының тыңғылықты дайындықпен бара жатқанын мәлім етті.

Қазақстан жасөспірімдер құрама командасының аға жаттықтырушысы Ғайнолла Есенғалиевтің айтуынша, Азия чемпионаты – алдағы әлем біріншілігіне іріктеу жарыстарының бірі.

«Азия біріншілігінде Жапония, Оңтүстік Корея, Моңғолия елдерінің спортшылары басты қарсыластарымыз болмақ. Біздің дзюдошыларымыз да осал емес. Сондықтан Тайпейде екі алтын медаль алуды көздеп отырмыз», деді Ғ.Есенғалиев.

Құрлықтық додаға 19 елден 200-ге жуық спортшы қатысады. Қазақстан намысын 19 татами шебері қорғайды.

Қыздар:

Әлима Жұмағалиева (40 кг)

Диана Буркеева (44 кг)

Аружан Ережепова (48 кг)

Балнұр Әбдешова (48 кг)

Аяулым Қуанышова (52 кг)

Шапағат Дәулет (57 кг)

Алена Чуссовитина (63 кг)

Даяна Талғат (70 кг)

Мәдина Парагульгова (+70 кг)

Карина Такиева (+70 кг)

Бозбалалар:

Нұрқанат Серікбаев (50 кг)

Аслан Лес (55 кг)

Марлен Әділ (60 кг)

Тілеген Тынарбай (66 кг)

Серікбол Естай (73 кг)

Мұхаммедали Мавлидов (81 кг)

Айдар Арапов (81 кг)

Нұрасыл Болат (90 кг)

Жұрқамырза Шүкірбеков (+90 кг)

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Галбадрах бастаған дзюдошылардың Загребтегі Гран-при турниріне қатысатынын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар