Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстаннан кімдер күресетіні белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 6-9 сәуірде Бішкекте дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азия-Океания чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстаннан кімдер күресетіні белгілі болды

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, Токио Олимпиадасы қарсаңындағы айтулы додада ел намысын Елдос Сметов бастаған спортшылар қорғайды.

Ерлер:

1. Елдос Сметов (-60 кг)

2. Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг)

3. Елдос Жұмақанов (-66 кг)

4. Жансай Смағұлов (-73 кг)

5. Дидар Хамза (-81 кг)

6. Руслан Мусаев (-81 кг)

7. Ислам Бозбаев (-90 кг)

8. Айбек Серікбаев (-100 кг)

9. Ерасыл Қажыбаев (+100 кг).


Әйелдер:

1. Әбибa Әбужақынова (-48 кг)

2. Отгонцэцэг Галбадрах (-48 кг)

3. Нұрсұлу Ералиева (-52 кг)

4. Ғалия Тынбаева (-52 кг)

5. Севара Нишанбаева (-57 кг)

6. Иоланта Бердібекова (-63 кг)

7. Зере Бектасқызы (-70 кг)

8. Кәмила Берліқаш (+78 кг).


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда өткен жастар спорттық ойындарында ШҚО құрамасы үздік атанғанын жазған болатынбыз.