Дзюдодан Азия чемпионаты: Қоржынға тағы бір медаль түсті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Дидар Хамза елорда өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол 90 кг дейінгі салмақта БАӘ спортшысы Арам Григорянді «иппон» әдісін қолдана отырып, жеңді.
Айта кетсек, елордада дзюдодан Азия біріншілігі өтіп жатыр. Қазіргі дейін қазақстандық спортшылар 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль алды. Нәтижесінде олар жалпы командалық есепте төртінші орында тұр.