Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Дзюдодан Азия кубогы: Қазақстандық кадеттер 24 медаль жеңіп алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Макаода дзюдодан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия кубогында Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дзюдодан Азия кубогы: Қазақстандық кадеттер 24 медаль жеңіп алды

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, жарыстың алғашқы күні қазақстандықтар 24 медаль (7 алтын, 11 күміс, 6 қола) жеңіп алды.

Атап айтқанда, Нұрқанат Серікбаев (55 кг), Ықылас Әлсейіт (60 кг), Әділ Мәрлен (66 кг), Қазбек Рақишев (81 кг), Құндыз Жылқыбай (44 кг), Аружан Ережепова (52 кг), Мәдина Парагульгова (70 кг) алтыннан алқа тақты.

Сондай-ақ Ермахан Амандық (50 кг), Қайыржан Жүнісбек (60 кг), Тынарбай Тілеген (73 кг), Айдар Арапов (81 кг), Мухаммедали Мавлидов (90 кг), Жұрқамырза Шүкірбеков (+90 кг), Аяжан Әзім (40 кг), Дәулет Шапағат (57 кг), Шынар Өзбекова (63 кг), Даяна Талғат (70 кг), Карина Такиева (+70 кг) күміс жүлдеге ие болды.

Ал Нұрсұлтан Зайзағалиев (60 кг), Тайман Нұрғалиев (66 кг), Нұрасыл Болат (90 кг), Сәбит Қайратбек (90 кг), Балнұр Әбдешова (48 кг), Аяулым Қуанышева (52 кг) үшінші орынға көтерілді.

Екі күнге созылатын байрақты бәсекеге Қазақстаннан барлығы 35 спортшы барған болатын.