Дзюдодан ел чемпионаты: Ақтөбе облысының жастары көш бастады
Қарағандыда дзюдодан 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент және еліміздің 17 облысынан барлығы 343 спортшы қатысып, бақ сынады.
Екі күнге созылған жарыс нәтижесі бойынша жалпы медаль кестесінде Ақтөбе облысының командасы көш бастады. Олар 3 алтын, 1 күміс жеңіп алды. 2 алтын, 3 күміс және 5 қолаға ие болған Қызылорда облысының спортшылары екінші орыннан көрінді. Ал Қарағанды облысының татами шеберлері 2 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлдемен үздік үштікті түйіндеді.
Осылайша, 23 жасқа дейінгілер арасында мына дзюдошылар жеңімпаз-жүлдегер атанды.
Қыздар:
48 кг
1. Диана Буркеева (Жетісу облысы),
2. Гөзал Аюпова (Алматы),
3. Аружан Данайбек (Жамбыл облысы),
3. Айдана Хасенқызы (БҚО).
-52 кг
1. Айшабибі Мұрадимова (БҚО),
2. Назерке Әбілтаева (Қызылорда облысы),
3. Іңкәр Тулепбергенова (Жетісу облысы),
3. Әлима Жұмағалиева (Қарағанды облысы).
-57 кг
1. Дина Мұханбет (Қызылорда облысы),
2. Ардақ Нұрсақ (Жамбыл облысы),
3. Балнұр Әбдешова (Абай облысы),
3. Ханзада Қайратова (Қарағанды облысы).
-63 кг
1. Гүлнұр Баханова (Ақтөбе облысы),
2. Асылжан Орынбасарова (Жамбыл облысы),
3. Кристина Сотникова (Абай облысы),
3. Қарлығаш Телман (Түркістан облысы).
-70 кг
1. Әсемай Рүстемова (Қызылорда облысы),
2. Диана Мұханбетәли (Қызылорда облысы),
3. Әсел Манап (Павлодар облысы),
3. Дарья Окшина (Алматы).
-78 кг
1. Сымбат Дүйсенбай (Шымкент),
2. Ақтолқын Қонысбек (Шымкент),
3. Алия Ходжаназарова (Маңғыстау облысы),
3. Ұлтай Сейілова (Қызылорда облысы).
+78 кг
1. Мәдина Парагульгова (Алматы),
2. Гүлдана Теңелбаева (Маңғыстау облысы),
3. Айдана Ғазизқызы (Қызылорда облысы),
3. Толқын Тұрсынақынова (Астана).
Жігіттер:
60 кг
1. Мадияр Мырзахметов (Астана),
2. Нұрәділ Әлжан (Қостанай облысы),
3. Алдияр Қарғұлов (Қарағанды облысы),
3. Телжан Сұлтанбай (Алматы облысы).
-66 кг
1. Мирас Жонысов (Ақтөбе облысы),
2. Нұрдәулет Смедиев (Қызылорда облысы),
3. Досымжан Бақытов (Ұлытау облысы),
3. Мерей Марханбетов (Маңғыстау облысы).
-73 кг
1. Айбек Жақашов (Қарағанды облысы),
2. Нурдин Шаймерден (Жамбыл облысы),
3. Дінмұхаммед Алтай (Қызылорда облысы),
3. Мағжан Әлжанов (Қостанай облысы).
-81 кг
1. Нұрбек Мұрат (Ақтөбе облысы),
2. Нұржан Бисенов (Ақтөбе облысы),
3. Азат Күмісбай (Маңғыстау облысы),
3. Рамазан Жалғас (Қызылорда облысы).
-90 кг
1. Қазыбек Ракишев (Жамбыл облысы),
2. Ұлан Алтаев (Қарағанды облысы),
3. Азиз Алтынбай (Қызылорда облысы),
3. Арман Білалханов (Маңғыстау облысы).
-100 кг
1. Бекзат Шағатаев (Атырау облысы),
2. Жұрқамырза Шүкірбеков (Алматы),
3. Салим Аблакатов (Алматы облысы),
3. Қайратбек Сәбит (Алматы).
+100 кг
1. Шархан Алпанов (Қарағанды облысы),
2. Дарын Бейсханов (ШҚО),
3. Дастан Баухан (Ақмола облысы),
3. Ермұхан Естай (Астана).
Айта кетейік, турнир жеңімпаздарына спорт шебері атағы беріледі.