Дзюдодан ел чемпионатына 700 спортшы қатысуда
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында дзюдодан ұлдар мен қыздар арасындағы ел чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.
Айта кетейік, Қостанай облысы егемендік алған жылдардан бері Қазақстан Республикасының чемпионатын тұңғыш рет өткізуде.
«Жарысқа Қазақстанның 17 аймағынан 695 спортшы келген. Жарысты жоғары деңгейде өткізу үшін барлық қажетті жағдай жасалды. Ендігі кезекте қатысушылар спорттық жекпе-жектерде өз мүмкіндіктерін толықтай көрсетеді деп сенемін»,- деді облысәкімі.
Жарыс 10 ақпанға дейін «Қостанай» спорттық-ойын-сауық кешенінде жалғасады.