Дзюдодан ел чемпионаты: Алғашқы жарыс күнінің үздіктері кімдер

ОРАЛ. KAZINFORM — Оралдағы «Жайық Арена» спорт кешенінде дзюдодан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында алғашқы жарыс күнінің нәтижелері белгілі болды.

дзюдо
Фото: Дзюдо федерациясы

Жексенбі күні бес салмақ дәрежесінде жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды.

Өз салмақ дәрежелері бойынша мына спортшылар жүлдеге ілікті.

Қыздар:
-40 кг
1.Ульяна Пряхина (Қарағанды облысы),
2. Адия Жанахмет (Шымкент),
3. Назым Талғат (Жамбыл облысы),
3. Талшын Мағанат (Қызылорда облысы).

-44 кг
1. Інжу Сахабаддин (Қызылорда облысы),
2. Айнара Сейітжанова (Абай облысы),
3. Севич Абдукадырова (Шымкент),
3. Шахсанам Рахимжанова (Жетісу облысы).

-48 кг
1.Әсел Русланова (Атырау облысы),
2. Аяжан Ринатқызы (Абай облысы),
3. Сандуғаш Молдағали (Қызылорда облысы),
3. Айханым Нұрланқызы (Түркістан облысы).

Ұлдар:
-50 кг
1. Әбіш Пердалы (Шымкент),
2. Мерей Дәулетқан (Алматы облысы),
3. Арман Ныса (Алматы облысы),
3. Жалғас Өміржан (Атырау облысы).

-55 кг
1. Нұржан Тұрарбек (Алматы),
2. Бекнұр Амангелді (Шымкент),
3. Әкежан Әбдіманап (Жетісу облысы),
3. Бекдәулет Бекишов (Шымкент).

— Мен осыған дейін екі рет Қазақстан чемпионатына қатысып, ұтылып қалған едім. Енді, міне, бірінші орын алдым. Бапкеріммен бірге күн сайын дайындалып, осындай нәтижеге жеттім деп ойлаймын. Алдағы мақсатым — әлем чемпионатында топ жару, — деді Нұржан Тұрарбек.

Жасөспірімдер арасында ел біріншілігіне Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Асхат Жіткеев бастаған төрешілер қазылық етуде. Ал Париж Паралимпиадасының чемпионы Ақмарал Науатбек — шараның құрметті қонағы.

Барлығы 836 дзюдошы қатысып жатқан жарыс 29 қаңтарда мәресіне жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар