Дзюдодан Еуропа кубогі: Қазақстан жаөспірімдері алғашқы күні 10 медаль жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Грузияның Гори қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогінің алғашқы күні Қазақстан құрамасы 10 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дзюдодан Еуропа кубогі: Қазақстан жаөспірімдері алғашқы күні 10 медаль жеңіп алды

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Еуропа кубогіне барлығы 16 елден 300-ден астам спортшы қатысуда.

Қазақстан жасөспірімдері бірінші күннің қорытындысы бойынша 4 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде көш бастады.

Атап айтқанда, Нұрбол Асқар (50 кг), Нұрлан Исатаев (55 кг), Нұрсұлтан Ысқақов (60 кг) және Сабина Юлдашева (40 кг) чемпион атанса, Ерболат Сыздық (50 кг) пен Сере Өтепқали (40 кг) күміс, Оралбек Байзақ (55 кг), Нұргелді Қанат (60 кг), Гүлхан Шыңғысхан (44 кг), Кира Хегай (48 кг) қола жүлдеге ие болды.

Жарыс 30 сәуір күні қорытындыланып, ұлдар арасында 73 кг, 81 кг, 90 кг, +90 кг, қыздардан 57 кг, 63 кг, 70 кг және +70 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз-жүлдегерлер анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан парадзюдо құрамасының Азия чемпионатынан 14 медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.