Дзюдодан European Open халықаралық турнирінде ел намысын кімдер қорғайды
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін, яғни 10 ақпан күні Венгрияның Дьёр қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында European Open халықаралық турнирі басталады.
Аталған сында қазақстандық татами шеберлері де бақ сынайды.
Олар:
60 келі: Қанат Сейілхан, Шерзод Давлатов, Нұрдәулет Мирамбеков, Дамир Болатбеков
66 келі: Еламан Сұлтанбай
73 келі: Барыс Қуан, Саят Сейітқалиев, Ислам Тоқтасын, Ермек Амангелді, Темірлан Сағындықов
81 келі: Ерзат Арғынов
90 келі: Қазыбек Рақышев, Аян Байғазы
100 келі: Ермұхан Естай
+100 келі: Мади Еділбаев, Санжар Жабборов
Аталған жарысқа әлемнің 36 елінен 399 татами шебері қатысады.
Жарыс 11 ақпан күні иәресіне жетеді