Дзюдодан «Grand Slam» турнирі: Елдос Сметов, Отгонцэцэг Галбадрах сынға түседі

АСТАНА.ҚазАқпарат - Дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрама командасы Парижде өтетін «Grand Slam» турниріне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай аталмыш дода ақпанның 9-10 күндері өтеді. Оған әлемнің 100 елінен 633 спортшы қатысады деп жоспарланған.

Аталған турнирде ел намысын ерлерден 14 татами шебері қорғайтын болса, әйелдер арасында жалғыз қазақстандық сынға түседі. Ол талай додаларда 48 келі салмақта ел абыройын биіктерден көрсетіп жүрген - Отгонцэцэг Галбадрах.

Ал ерлерден мына спортшылар бақ сынайды:

Елдос Сметов (-60 кг)

Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг)

Ерлан Серікжанов (-66 кг)

Әбілхайыр Мәуленин (-66 кг)

Ақылбек Серік (-73 кг)

Жансай Смағұлов (-73 кг)

Дидар Хамза (-81 кг)

Руслан Мұсаев (-81 кг)

Азиз Қалқаманұлы (-90 кг)

Ислам Бозбаев (-90 кг)

Әділхан Қозыбаев (-100 кг)

Айбек Серікбаев (-100 кг)

Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Әділ Оразбаев (+100 кг)

Әйелдер:

Отгонцэцэг Галбадрах (-48 кг)

Соңғы жаңалықтар