Дзюдодан Grand Slam: Үш дзюдошымыз турнирді жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Парижде дзюдодан Grand Slam турнирі басталды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады. 

Дзюдо
Фото: Olympic.com

Франция астанасында өтіп жатқан спорттық додада 60 және 66 келіде жеңімпаздар анықталады. 

Турнирді алғаш боп бастаған үш қазақстандық балуан келесі айналымға жолдама алды.

Елдос Сметов мысырлық спортшыдан басым түссе, 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев конголық балуаннан айласын асырды. Ал Есет Қуанов венесуэлалық қарсыласын  жеңді. 

Соңғы жаңалықтар