Дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан «қола» алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сараевода (Босния және Герцеговина) дзюдодан кадеттер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Турнирдің бірінші күні Қазақстан медальмен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткендей, 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Диас Жолдыбаев қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін айқаста қазақстандық Армениядан келген Гора Сафаряннан басым түсті.




Фото: olympic.kz




Соңғы жаңалықтар