Дзюдодан Қазақстан чемпионатында жекелей сайыстар аяқталды

ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде дзюдодан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында жекелей сайыстар мәресіне жетті.

Қазақстан дзюдо федерациясы
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Сейсенбі күні алты салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз-жүлдегерлер белгілі болды. 

Қыздар:

-63 кг

1. Нұрсезім Тұрлыбек (Шымкент),
2. Азима Серік (Алматы облысы),
3. Аяулым Исаева (Алматы),
3. Сәуле Кожасова (Қызылорда облысы).

-70 кг

1. Гүлсезім Тұрлыбек (Шымкент),
2. Ұлдана Ходжаназарова (Маңғыстау облысы),
3. Айша Алтай (Қарағанды облысы),
3. Әмина Файзулина (Астана).

+70 кг

1. Рамиля Арыстанбекова (Қарағанды облысы),
2. Хадиша Кенжеханқызы (Жетісу облысы),
3. Рената Бекимова (Қарағанды облысы),
3. Снежана Якубова (Шымкент).

Ұлдар:

-81 кг 

1. Ерасыл Болатбек (Алматы),
2. Дастан Құрбанов (Қызылорда облысы),
3. Шындар Латипбек (Түркістан облысы),
3. Қажымұқан Байзақ (Қызылорда облысы).

-90 кг

1. Батыржан Тоқтар (Алматы облысы),
2. Алдияр Ризабек (Абай облысы),
3. Дамир Рихард (Қарағанды облысы),
3. Ерасыл Абибулла (Шымкент).

+90 кг

1. Әділжан Жаудинов (Қарағанды облысы),
2. Сәтімбек Ерасыл (Жамбыл облысы),
3. Арслан Русланұлы (Шымкент),
3. Әли Мақсұтұлы (Атырау облысы).

Сәрсенбі, жарыстың соңғы күні командалық бәсеке болады. 

Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, ел чемпионатында төрт супервайзердің жетекшілігімен 24 төреші бейнеқайталау жүйесімен жұмыс істеуде. Сонымен қатар чемпионат 2024 жылы қабылданған жаңа ережелер бойынша өтуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын дзюдодан Қазақстан чемпионатында бес салмақ дәрежесінде чемпиондар анықталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар