Дзюдодан Қазақстан чемпионатында Алматы облысы командасы топ жарды

АЛМАТЫ. 29 қараша. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Атырауда дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты мәреге жетті. 4 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлде иеленген Алматы облысы бірінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы «Аламан» Ұлттық электронды басылымы хабарлады.

Дзюдодан Қазақстан чемпионатында Алматы облысы командасы топ жарды

Екінші орынға 2 алтын, 3 күміс, 4 қола медальмен Қарағанды облысының командасы тұрақтаса, үштікті 2 алтын, 2 күміс, 4 қола жүлдемен Қызылорда облысының командасы тұйықтады.

Одан кейінгі төртінші орынға 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медальмен Атырау облысы табан тіреді.

Жалпы қорытынды бойынша ерлер арасында Елдос Сметов (60кг, Жамбыл обл.), Наурызбек Майлашев (66 кг, Атырау обл.), Эльдар Зарипқанов (73 кг, Шығыс Қазақстан обл.), Ринат Ибрагимов (81 кг, Атырау обл), Тимур Болат (90 кг, Астана қ.), Виктор Демьяненко (100 кг, Алматы обл.), Ерболат Юсупов (+100 кг, Қызылорда обл.) әйелдер арасында Кенже Қашқынова (48 кг., Қарағанды қ.), Ленария Мингазова (52 кг., Жамбыл обл.), Алина Тен (57 кг., Алматы обл.), Зарина Әлдешова (63 кг., Оңт.Қаз.обл.) ел чемпионы атағына ие болды.

Федерация басшыларының айтуынша, Лондон Олимпиадасына дейін ел чемпионатынан бөлек бірқатар іріктеу ойындары ұйымдастырылмақшы. Алайда, осы жолы ел чемпионы атанған спортшылардың Лондон Олимпиадасында барып қалуы да мүмкін.