Дзюдодан Қазақстан кадеттер құрамасы Азия чемпионатының алғашқы күні 7 медаль иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 шілдеде Қырғызстанның Бішкек қаласында дзюдодан кадеттер арасында Азия чемпионаты басталды. Азия құрлығының 14 елінен 155 спортшы қатысып жатқан біріншілікте Қазақстан құрамасынан 19 жас дзюдошы ел намысын қорғап жатыр, деп хабарлайды ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.
None
None

Жарыстың бірінші күнінде 50 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз Шерход Давлятов қарсылас шақ келтірмей, Азия чемпионы атанды.



Ал 52 келіде финалға шыққан бұрымды балуанымыз Меруерт Сәрсенова финалдық кездесуде тайпейлік Лин Хсуан Хсуға жол беріп, Азия Чемпионатының күміс медаліне ие болды.

1 алтын, 1 күміс және 5 қола медальмен Қазақстан кадеттер құрама командасы 14 ел ішінде 3-орынға жайғасты. Медаль саны бойынша 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медальмен Өзбекстан құрамасы көш бастап тұрса, Моңғолия дзюдошылары 1 алтын, 3 күміс, 2 қола медальмен екінші орында тұр.

Кадеттер арасында Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші күн):

Алтын - Шерход Давлятов (50 кг)

Күміс - Меруерт Сәрсенова (52 кг)

Қола - Ерлан Уналов (50 кг)

Қола - Ермек Амангелді (55 кг)

Қола - Ислам Тоқтасын (66 кг)

Қола - Сара Құлым (40 кг)

Қола - Ақжол Қайыпхан (48 кг)

Естеріңізге сала кетсек, Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында 13-14 шілде күндері 2000-2002 жылы туған кадеттер арасында, 15-16 шілде күндері 1997-2000 жылы туған жастар арасында Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан кадеттер құрамасынан құрлықтық біріншілікке 19 дзюдошы, жастар құрамасынан 20 дзюдошы татамиге шығады.

Соңғы жаңалықтар