Дзюдодан Қазақстан кубогы аяқталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан кубогы өз мәресіне жетті деп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған додада ерлер арасында Қазақстан кубогын Ақтөбе облысының балуандары қанжығасына байлады. Ал екінші орынды Шығыс Қазақстан облысының спортшылары еншілесе, үздік үштікті Павлодор облысы мен Батыс Қазақстан облысының балуандары жеңіп алды.
Әйелдер арасындағы бәсекеде Алматы облысының спортшылары көш бастады. Екінші орынды Қызылорда облысы иеленсе, үшінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шығыс Қазақстан облысының балуандары өзара бөлісті.