Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы елордада ашық жаттығу өткізді

АСТАНА.KAZINFORM – Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қарсаңында ашық жаттығу ұйымдастырды.

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы елордада ашық жаттығу өткізді
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы|\ Kazinform

Ашық жаттығуға Қазақстан ұлттық құрамасы спортшылары және Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатысу үшін Астанаға келген англиялық спортшылар қатысты.

Қазіргі уақытта бапкерлер құрамында жүрген Жансай Смағұлов ұлттық құраманың дайындығы жақсы деңгейде өткенін айтты. 

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы елордада ашық жаттығу өткізді
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы|\ Kazinform

— Дайындық жақсы деңгейде өтті. Спортшыларымызға сәттілік тілеймін. Жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын, — деді Смағұлов.

Айта кетейік, Елордада 9-11 мамыр күндері дзюдодан әлемдік рейтингілік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан дзюдо федерациясы әлемдік жарысқа қатысатын Қазақстан құрамасының тізімін жариялады.

Соңғы жаңалықтар