Дзюдодан өткен әлем чемпионаты спортшылар мен спорт сүйер қауым үшін нағыз мерекеге айналды - Кәрім Мәсімов

Чемпионат қатысушылары мен қонақтарының алдында сөйлеген сөзінде Премьер-Министр Қазақстанда өткен бұл чемпионат барлық спортшылар мен спорт сүйер қауым үшін нағыз мерекеге айналғанын айтып өтті.
Өз сөзінде ол: «Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жан-жақты қолдауының арқасында біз тамаша көріністен мол тәжірибе ала отырып, әрдайым осындай айтулы жарыстарды өткізуге дайынбыз», - деді.
К.Мәсімов чемпионат қатысушыларына жаңа жетістіктер мен жеңістер, сондай-ақ, Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарында сәтті ойын көрсетуді тіледі.
Жабылу салтанаты халықаралық дзюдо федерациясының туын келесі әлем чемпионаты өтетін Мажарстанның ұлттық федерациясына табыстаумен аяқталды.
Астанада өткен дзюдодан әлем чемпионатына әлемнің 120 елінен келген 700-ден астам спортшы қатысты.