Дзюдодан Париждегі Grand Slam турнирі: Ұлттық құраманың алдын ала тізімі жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Францияның Париж қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын ұлттық құрамалардың алдын ала тізімін жариялады.

Әбиба Әбужақынова
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының сапына сегіз спортшы енді.

48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова

60 келіге дейін: Шерзод Давлатов

66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев

81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар

90 келіге дейін: Айдар Арапов

100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров

Айта кетейік, аталған турнир 7-8 ақпан аралығында өтеді.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова жылды әлемдік рейтингтің көш басында аяқтады.

Дзюдошы Jibek Joly телеарнасының Бүгін LIVE бағдарламасына сұхбат берді.

Соңғы жаңалықтар