Дзюдодан Швейцариядағы Grand Slam: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Швейцарияның Лозанна қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын балуандардың алдын ала тізімін жариялады.
ҚР ҰОК мәліметінше, 28-30 тамыз аралығында өтетін бәсекеге қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі төмендегідей:
Ерлер
60 келіге дейін: Талғат Орынбасар, Шерзод Давлатов
66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов
73 келіге дейін: Аңсарбек Ғайнуллин, Бақытжан Абдурахманов
81 келіге дейін: Әділет Алмат, Абылайхан Жұбаназар
90 келіге дейін: Айдар Арапов
100 келіге дейін: Марат Байқамуров
100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев
Әйелдер
57 келіге дейін: Дана Әбдірова
70 келіге дейін: Ажар Асхат
78 келіге дейін: Аружан Жангелдина
78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова
Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Қазақстан таеквондодан Индонезиядағы халықаралық турнирде төрт медальға ие болғанын жазған едік.