Дзюдодан Ташкентте өтетін әлемдік Grand Slam жарысына кімдер барады
АЛМАТЫ. KAZINFORM - 1-3 наурыз күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы өтеді.
Аталған жарысқа 68 елден 500-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған.
Қазақстан дзюдо федерациясы аталмыш жарыста ел намысын қорғайтын дзюдошы ерлер мен әйелдердің тізімін жариялады.
Әйелдер:
48 келі: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева
52 келі: Балнұр Әбдешова, Аружан Ережепова
57 келі: Бақыт Құсақбаева
63 келі: Эсмигул Куюлова, Кристина Сотникова
70 келі: Екатерина Токарева
78 келі: Аруна Жангельдина, Маргарита Гриценко
78 келіден жоғары: Камила Берліқаш, Назгүл Маратова
Ерлер:
60 келі: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікпаев
66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали
73 келі: Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов
81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев
90 келі: Айдар Арапов, Құдірет Досымов
100 келі: Бекзат Шағатаев, Нұрлыхан Шархан
100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай қатысады.