15:26, 25 Қыркүйек 2024 | GMT +5
Дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты: Жамбыл облысы көш бастады
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Шымкентте дзюдодан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан біріншілігі аяқталып, жалпы есептегі жеңімпаздар анықталды, деп жазады Olympic.kz.
Жарыс қорытындысы бойынша Жамбыл облысы көш бастады. Аталған өңір балуандары 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған.
Екінші орынды 2 алтынға қол жеткізген Ұлытау облысы иеленді.
Ал үздік үштікті 1 алтын, 2 күміс және 2 қол медаль еншілеген Қызылорда облысы тұйықтап тұр.
Алғашқы бестікке Атырау және Жетісу облысының командалары да енген.