Дзюдоның әлемдік шеберлер турнирынан Қазақстан бір алтын, бір қола олжалады

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат  - Бүгін Алматыдағы  Балуан Шолақ спорт кешенінде дзюдодан әлемдік шеберлер турниры аяқталды. Жүлде қоры 200 мың АҚШ долларын құраған бұл турнирде Жер шарының 42 елінің 130 балуаны бағын сынады.

Дзюдоның әлемдік шеберлер турнирынан Қазақстан бір алтын, бір қола олжалады

Екі күн бойы әлем көз тіккен айтулы дода барысында қазақстандық дзюдошылар да олжалы болды. Ел спортшылары қоржынға бір алтын, бір қола жүлдені салған болатын. Атап айтқанда, Максим Раков алтын, ал қоланы 2009 жылғы Азия чемпионы Гүлжан Иссанова иеленді.

Максим финалға дейін Баттулга Темулен (Моңғолия), грузин Леван Жоржалиани, жапон Анаи Такамаси сынды спортшылардан айласын асырған болатын. Ал шешуші кезеңде голландиялық Генк Кролдан басым түсті.