Дзюдошы Әдия Жанахмет жасөспірімдер Азиадасында қола медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық дзюдошы Әдия Жанахмет Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.

Дзюдошы Әдия Жанахмет жасөспірімдер Азиадасында қола медаль жеңіп алды
Фото: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК

Спортшы 40 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық кезеңге дейін жетті. Үшінші орын үшін өткен белдесуде Жанахмет Үндістан өкілі Никитадан басым түсіп, жасөспірімдер Азидасының қола жүлдегері атанды.

Қазақстан құрамасынан бес дзюдошы Азия ойындарының финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Әділжан Нұрбекен дзюдодан жасөспірімдер Азиадасында чемпион атанды.

Қазақстан джиу-джитсудан екі медаль жеңіп алды.

Қазақстаннан төрт балуан жасөспірімдер Азиадасының қола жүлдесі үшін бақ сынайды.

 

Соңғы жаңалықтар