Дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте үздік алтылыққа енді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық дзюдошылар әлемдік рейтингтегі позициясын жақсартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Португалияда өткен Гран-при жарысынан кейін әлемдік рейтингті жаңартты.

Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткендей, аталған додада жеңімпаз-жүлдегер атанған қазақстандық спортшылар рейтингте жоғарылады.

Атап айтқанда, Әбиба Әбужақынова 8-ден 6-ға, Ғалия Тынбаева 52-ден бірден 37-ге, ал Жансай Смағұлов 13-орынға көтерілді.

Қазақстандық дзюдошылардың әлемдік рейтингтегі көрсеткіштері мынадай:

Ерлер:

60 келі

Мағжан Шамшадин – 13 (2513)

Елдос Сметов – 17 (2279)

Бауыржан Нарбаев – 24 (1842)

66 келі

Ғұсман Қырғызбаев – 26 (1570)

Есет Қуанов – 49 (852)

73 келі

Жансай Смағұлов – 13 (2750)

Данияр Шамшаев – 22 (1839)

81 келі

Абылайхан Жұбаназар – 30 (1365)

Дидар Хамза – 22 (1910)

90 келі

Ерсұлтан Мұзаппаров – 41 (976)

-100 кг

Шархан Нұрлыхан – 26 (1672)

+100 кг

Әділ Оразбаев – 39 (946)

Ерасыл Қажыбаев – 42 (851).

Әйелдер:

48 келі

Әбиба Әбужақынова – 6-орын (4228 ұпай)

Ғалия Тынбаева – 37 (1154)

57 келі

Севара Нышанбаева – 32 (1462)

-78 кг

Аруна Жангелдина – 32 (1128)

+78 кг

Кәмила Берліқаш – 15 (2429)

Назгүл Маратова – 30 (1101).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Португалияда 2 қазақстандық дзюдошы қыздың алтын мен күміс медаль иеленгенін жазған болатынбыз.

Фото: instagram.com/kaz_judoteam


Соңғы жаңалықтар