Дзюдошы Дидар Хамза «European Open» алтынын еншіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрияның Оберварт қаласында дзюдодан «European Open» халықаралық лицензиялық жарыс өтіп жатыр.
None
None

Оған әлемнің 48 елінен 242 спортшы қатысуда. Бәсекенің алғашқы күні біздің спортшыларымыздың ішінен тек Хамза Дидар ғана финалға шыға алды, деп хабарлайды sports.kz.

Дидар Хамза алдында румын Роберт Флориан Папты тізе бүктірсе, одан кейін австралиялық Христофер Вагнердің мысын басты. Келесі айқаста Мысырдан келген Мохамед Мухелдинді сүріндірсе, жартылай финалда бразилиялық Алек Вилиам Помбо Да Силваны жеңді, ақтық белдесуде де осы елдің тағы бір өкілі Маркело Континиді ұтты.

Соңғы жаңалықтар