Дзюдошы Мариан Ордабаева Азиадада «қоланы» иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореядағы Инчхондегі жазғы Азиадада дзюдошылардың турнирі жалғасуда.

Дзюдошы Мариан Ордабаева Азиадада «қоланы» иеленді

63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тартысқа түскен қазақстандық Мариан Ордабаева қола медальға қол созды. Ол «вадза-ари» әдісіне ұпай алып, моңғолиялық Мунгунчимег Балдоржды жеңді, деп жазады sports.kz.