Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Нұрқанат Серікбаев Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Н.Серікбаев 60 келіге дейінгі салмақта финалда оңтүстіккореялық Ким Вон Джунге жол берді.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, бұл - тараздық, 20 жастағы Нұрқанат Серікбаевтың ересектер арасындағы алғашқы ірі табысы.

Бұған дейін Нұрқанат 2019 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған еді.

Ташкенттегі Grand Slam додасы одан әрі жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Нұрқанат Серікбаевтың әлем чемпионын ұтып, финалға шыққанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар