Е. Әлікеевтің «Ән-жүрегімде» деп аталатын ән жинағы мен «Мына дүние» деген бейнебаяны жарық көрді

АЛМАТЫ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Алматыда әнші,  ақын, сазгер Естай Әлікеевтің  «Ән-жүрегімде» деп аталатын ән жинағы мен «Мына дүние» деген әнге түсірген бейнебаяны жарық көрді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бейнебаянды  Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған «Мына дүние» деген әніме Еркін Рақышевтің «Жетімдер» фильміндегі кадрларды пайдалана отырып түсірдік. Ән жинақ Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мақпал Жүнісовамен қосылып орындаған   «Ән-жүрегімде»  деген шығарманың атымен  аталып отыр. Оған   21 ән топтастырылды», дейді Естай Әлікеев. Ондаавтордың жеке орындауындағы - «Алға, Қазақстан», «Өзіңсіз бақыт жоқ»,   «Анама»,  «Жақсы-жаман»,  «Алакөлім»,   «Сол ару», «Пәк сезім», «Кетпе»  «Талдықорған» (Өлеңі - Шөмішбай Сариевтікі ) және   Динара Қырықбаевамен   бірігіп айтқан «Жастық шақ»  пен   Әлия Үмбетовамен қосылып шырқаған    «Келші, қасыма» деген әндері бар. Сондай-ақ  өзге орындаушылар айтқан «Ерке қыз» («Нұр-Мұқасан» тобы), Назира Бердалының өлеңіне жазылған  «Әке» (Әлия Аюб),    «Сағындың ба» («Каспий» тобы),     «Бағалайық сезімді» (Әлия Үмбетова),     «Әке» (Дильназ Ахмадиева),   Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған   «Шыда-шыда» (Тұңғышбай Жаманқұлов),  «Жалынды шақ» (Әйкерім Қалаубаева), Саялының әні «Сағындым» (Саялы) бар.

Соңғы жаңалықтар